Премьер-министр авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді
Ақтаудағы ұшақ апаты авиациялық қауіпсіздікті тағы күшейту қажеттігін көрсетті. Бүгін ведомстоваралық комиссия отырысында Олжас Бектенов осылай деді. Үкіметтік комиссияның есебін тыңдап, бірқатар тапсырма берді. Алдымен ұшу қауіпсіздігі бойынша шара қабылдау қажет. Сондай-ақ жоспардан тыс тексеру жүргізіп, әуежайлар мен әуе кемелерінің техникалық жағдайын ерекше бақылауды жүктеді. Әрі отандық авиакомпанияларға экипаж біліктілігі мен құзыретін қайта тексеру керектігін айтты. Ұшақ апаты салдарынан 29 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. 38 адам қаза тапты. Түпқараған ауданында жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Бірінші кезекте қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қазақстан Үкіметі мен уәкілетті органдар зардап шеккендерге және қайтыс болғандардың туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Сондай-ақ әуе оқиғаларына жедел ден қою мақсатында апаттық-құтқару жұмыстарын жетілдіру және мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажет. Орын алған жағдайдан осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін нақты ұсыныстарды әзірлей отырып дұрыс қорытынды шығару қажет.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15