Үкімет бюджет-салық және тариф саясатын реформалау үшін жаңа әдіс әзірлеп жатыр
Үкімет бюджет-салық және тариф саясатын реформалау үшін жаңа әдіс әзірлеп жатыр. Бұл туралы Олжас Бектенов мәлімдеді. Жаңа жобаға премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жетекшілік етеді. Осылайша Үкімет арнайы сарапшылар тобымен бірлесіп, жаңа тәсілдерді жан-жақты талқылауы қажет. «Әсіресе әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты бірқатар мәселе бар», - деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ министрлерге «Қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз етуіміз қажет» деп талап қойды.
Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:
Президент «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Үкіметтің міндеті – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Ұзақмерзімді және тұрақты экономикалық өсу факторларының бірі – адами капиталды дамыту. Экономиканың дамуы және азаматтар әл-ауқатының артуы кәсібін жетік меңгерген мамандарға байланысты. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін тиісті іс-шараларды кезең-кезеңмен қабылдаймыз.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17