Елімізде өнеркәсіп және құрылыс саласына 40 мыңға жуық маман қажет
Қазір елімізде өнеркәсіп және құрылыс саласына 40 мыңға жуық маман қажет. Ауыл шаруашылығы саласында астық өңдеу операторлары да жоқтың қасы. Көлік саласында электромобильге техникалық қызмет көрсету, қайта зарядтайтын батареялармен жұмыс істеу мамандықтары да жоғары сұранысқа ие.
Ердәулет Әбдірайымов, инженер:
Ұйымдағы еңбек жолымды 2024 жылдың мамыр айынан бастадым, әріптестерім алғашқы күннен жылы жүзбен қарсы алып, бір деммен жұмысқа кірісуіме үлес қосты. Аймағымыздың жас маманы ретінде еліміздің дамуына өз үлесімді қоса отырып, біздерге берілген жаңа мүмкіндіктер мен серпілістерге алғыс айтқым келеді.
Биыл елімізде жұмысшы мамандықтар жылы боп жарияланды. Оған сәйкес, барлық өңірлерде жаңа мамандықтардың атласы әзірленбек. Бұл маман тапшылығын жоюға, бірқатар түйіткілдерді шешуге ықпал етеді.
Санжар Тәтібеков, «Talap» КЕАҚ президенті:
Жұмысшы маман бұл қолмен ғана жұмыс жасайтын маман ғана емес, бұл инженерлік ойлауды, цифрлық технологияларды қолдана отырып ойлауды қажет ететін маман. Осы жаңа мамандықтар атласы аясында жұмыс атқарылатын болады. 9 өңірде ол жұмыс жасап жатыр. Біздің көңіл аударатын тұстарымыз әрі қарай да басқа өңірлерде осы атлас аясында жұмыс жасап, өздерінің өіңрлеріне керек жұмысшы мамандықтарына назар аударады.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00
Президент Атырау облысының әкімін қабылдады
27.07.2026, 17:00