Қанның қатерлі ісігімен тіркеуде тұрғандар донорға мұқтаж
Сүйек кемігі трансплантациясы бойынша елде 16 ота жасалған. Ал 8 мыңнан астам адам қанның қатерлі ісігімен тіркеуде тұр. Бұл туралы Астанада өткен «Әрбір қан тамшысындағы өмір» акциясында белгілі болды. Шара Дүниежүзілік балалар обырына қарсы күрес күніне орай өтті. Мамандар шара барысында дәріс өткізді. Мақсат – қоғам назарын сүйек кемігі донорлығына аудару. Бүгінде жыл сайын 1,5 ымңға жуық жаңа жағдай анықталады. Олардың 600-і балалар. 2011 жылы құрылған регистрде 12 742 донор тіркелген.
Жанар Алиева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің бас сарапшысы:
Біздің онколог мамандарымыз бұл ауруды емдей алады. Тек қана бізде донордың аз болуына байланысты науқастар ұзақ күтіп қалады. Донорлардың саны көбейіп, егер науқас адамға олардың қаны, олардың сүйек кемігі сәйкес келіп жатса, онда бізге жақсы болар еді, дәрігерлер қауымына. Өйткені бұл донорға ешқандай зиянды әсер етпейді. Ал рецепиентке ол үлкен көмек.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Қостанайда қорқытып, ақша талап еткен күдіктілер ұсталды
02.11.2026, 10:00
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00