Тәжікстан министрі еліміздің Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесті
Бұған дейін Тәжікстан министрі еліміздің Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Табиғи апаттарды болжау және экологиялық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін спутниктер топтамасын құру жөнінде пікір алмасты.
Мұрат Нұртілеу, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі:
Жаһандық факторлардың текетіресі ушығып, геосаяси ахуал күрделенген кезеңде көршілес елдердің бірлігі – заман талабы деп санаймыз. FinTech, цифрландыру және заманауи технологиялар сияқты болашағы зор бағыттарда тиісті шараларды қолға алу ниеті нақтыланды. Қарым-қатынастарымыздың іргетасы мәдени-гумманитарлық саласына жеке тоқталдық.
Сироджиддин Мухриддин, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі:
Инвестициялық ынтымақтастыққа көп көңіл бөлдік. Бүгін біз миграциялық өзара әрекеттесу жайлы да сөз қозғадық. Бұл мәселенің барлығын кешенді түрде қарастыру үшін басқа ведомстволарды тарта отырып, бөлек екіжақты келіссөздер жүргіземіз деп келістік. Біз Қазақстаннан Тәжікстанға туристік ағындар көлемінің артқанын да атап өттік.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10