Елімізде көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі арнайы орталық құрылады
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін елімізде жыл соңына дейін көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі арнайы орталық құрылады. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтылды. Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, Ақтау маңындағы әуе апатынан кейін авиациялық әкімшілік әуе кәсіпорындарын тексере бастады.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалған еді.
Талғат Ластаев, ҚР Көлік министрінің орынбасары:
Авиациялық оқиғаларды тергеу мәселесіне келетін болсақ, бұл көрсеткіш Қазақстанда 51 пайызды құрайды. ИКАО қауіпсіздік бағалауы үшін маңызды 8 критикалық көрсеткіштің бірі саналатын бұл параметр ең төменгі деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты ахуалды жақсарту мақсатында жыл соңына дейін жоғары білікті мамандарды тартып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі арнайы орталық құру жоспарлануда.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08