Қазақстан-Оман елдері арасында әуе рейстері ашылуы мүмкін
Қазақстан-Оман елдері арасында тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін. Бұл қадам екі мемлекет арасындағы байланыстарды нығайтуға септігін тигізбек. Бұл жайында Мемлекет басшысы Оман Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаидиді қабылдау кезінде белгілі болды. Тараптар көлік-логистикалық, ауыл шаруашылық, мәдени-гуманитарлық және цифрландыру салаларындағы ынтымақтың перспективасын талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Оман мемлекетіне Қазақстанның құрметі ерекше. Сіздің еліңізге азаматтарымыздың, соның ішінде кәсіпкерлердің, мәдениет қайраткерлерінің қызығушылығы өте жоғары. Сондықтан ынтымақтастығымызды жан-жақты және табысты ете түсу үшін оған тың серпін беру қажет.
Бадр әл-Бусаиди, Оман сыртқы істер министрі:
Қазақстанның дамуына зор қызығушылықпен қараймыз. Еліңіз бен халқыңыздың игілігі жолында атқарып жатқан ауқымды реформаларыңыз бізді қайран қалдырады. Қазақстан экономикасының өсу қарқыны, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін еліңіздің осы аймақтағы тату көршілік байланыстарды нығайтудағы негізгі рөлі мен ықпалы таңғалдырады. Әділдік пен баршаға ортақ бейбітшілікке, қауіпсіздік пен өркендеуге бағытталған сыртқы саясаттағы ұстанымыңызды жоғары бағалаймыз.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08
Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аяқталды
04.04.2026, 20:07