Алғашқы АЭС құрылысы 2-3 жыл аралығында басталады
Қазақстанда Атом электр станциясын нақты кім салатыны биыл жазда анықталады. Үкімет түпкілікті шешімді 1 шілдеге дейін қабылдайды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, АЭС-ті салатын компаниялар талданып жатыр. Тендердің бүкіл қатысушысына 19 бөлімнен тұратын 207 сұрақ жіберілді. Жеңімпаз туралы тиісті шешім мерзімінен бұрын қабылдануы мүмкін, дейді А.Сәтқалиев. Сондай-ақ, ол елімізде алғашқы атом электр құрылысының шамамен қашан басталатынын айтты.
Алмасадам Сәтқалиев ҚР Энергетика министрі:
Біздің жоспарымыз бойынша кемінде үш атом электр станциясы салынады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, АЭС құрылысын жобалау үш жылға дейін созылады. Содан соң, құрылыс жұмыстары басталады. Екі жылдың ішінде құрылысқа кірісеміз. Алайда нысанның негізгі құрылысы тек техникалық-экономикалық негіздеме аяқталғаннан кейін, жобалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік органдардан барлық қажетті рұқсат алынған соң ғана басталады.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08