Астананың «Жасыл белдеуін» қорғау заңмен бекітіледі
Астана айналасындағы «Жасыл белдеуді» қорғау заңмен бекітіледі. Оның аумағын қысқартуға қатаң тыйым салынады. Жерлерін зақымдауға да жол берілмейді. Бұл жөнінде бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі мәлім етті. Мақсат - жасыл желекті сақтап қалу. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, елорданың жасыл белдеуінің аумағы 15 мың гектар. Онда 11,5 млн-нан астам ағаш және 2 млн-ға жуық бұта өсіп тұр. Елорда «Жасыл белдеуінің» шекарасын өзгерту тек Үкімет деңгейінде әкімдіктің ұсынысы бойынша жүзеге асырылады.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі:
Осыған байланысты «Астана мәртебесі туралы» заң шеңберінде қаланың жасыл аймағын басқару қағидаларын бекіту және оны күтіп-ұстайтын заңды тұлғаны айқындау, жасыл аймағының шекараларын өзгертуді әкімдікпен емес Үкіметпен жүзеге асыру, «жасыл белдеу» аумағында ландшафттардың табиғи көрінісіне теріс әсер ететін қызметке тыйым салу ұсынылады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15