Мемлекет басшысы Премьер-министрге бірқатар тапсырма берді
Биылғы қаңтар-ақпан айларында елімізде экономиканың өсімі 5,4 пайызға жеткен. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің қабылдауында айтты. Кездесу барысында сан түрлі бағытта атқарылып жатқан жұмыс барысы баяндалды. Әсіресе Ұлттық құрылтайда жүктелген міндеттерді орындау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.
Бұдан бөлек су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі есеп тыңдалды. Жағдай тәулік бойы бақылауға алынған. 37 мыңнан астам қызметкер мен 13 мың техника сақадай сай тұр.
Кездесу соңында Президент Үкімет басшысына экономиканың нақты секторын қолдау, инвестиция тарту және әлеуметтік саясатты жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01