Наурызнама: Ұлттық спорт күні
Бүгін наурызнаманың 7-ші күні, яғни Ұлттық спорт күні. Астананың бірнеше жерінде арнайы шаралары өтіп жатыр. Солардың бірінен әріптесім Серік Жұмабек бізбен байланысқа шығуға дайын. Серік, эфирдесіз.
Серік Жұмабек, тілші:
Иә, Оксана. Мен қазір Арғымақ сауықтыру кешенінде тұрмын. Мұнда ат спорты түрлерінен қойылым көрсетілді. Қазір көкпар, қыз қуу, теңге ілу, асық ату, аударыспақ секілді спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Елордалықтар Наурызды тойлауды бастап кетті. Киіз үйлер тігіп, қазан көтеріп мерекелік шаралар ұйымдастырылған. Садақ ату, арқан тартыс, қол күрес түрлерінен өзара мықтыларын анықтап жатыр. Сондай-ақ мерекенің кәдесыйы ретінде қолдан жасалған бұйымдарды да мерекелік алаңқайлардан таба аласыз. Наурызды тамашалауға келгендер этникалық стильде безендірілген арнайы орындарда естелік суретке түсіп, мәре-сәре болып жатыр. Алдағы шығарылымдарда жарыстардың қорытындысын толықтырып айтатын боламын.
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02