«Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асып жатыр
Биыл 500-ге жуық ауылдық аумақтарда 900-ден астам жоба іске асырылады. Бұл ауқымды жұмысқа 176 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков осындай ақпарат айтты. 2023-2024 жылдары аралығында қаржыландырудың барлық көзінен 2 трлн теңгеге жуық бюджет қаражаты бөлініп, елдімекендерді дамытуға бағытталды. Сондай-ақ ауылдарда кадр тапшылығын шешу үшін «Дипломмен ауылға» жобасы сәтті жүзеге асып, жалғасып жатыр. Былтыр 3 мың 700 маманға тұрғын үй сатып алуға 30 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді.
Бауыржан Омарбеков, Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
Ағымдағы жылы 2,8 мыңнан аса маманға 25 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарлануда. Жалпы осы бағдарламаның тиімділігін зерделеп көрдік. Осы уақытқа дейін берілген несиелердің және қолдауларды алған азаматтардың 95 пайызы 3 жыл жұмыс атқару міндеттіемесін орындап, ары қарай сол ауылдарда қызмет етіп, қалып қойғанын көріп отырмыз.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01