Мемлекет басшысы еуропалық комиссияның вице-президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті. Тараптар өзара ынтымақ перспективаларын, соның ішінде сауда-экономикалық, энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру және Транскаспий халықаралық көлік дәлізі аясындағы ірі жобаларды талқылады. Кая Каллас Қазақстанның ЕО-мен серіктестік жөніндегі келісімге қол қойған аймақтағы алғашқы елдердің бірі екенін атап өтіп, виза рәсімдерін жеңілдету үдерісінің басталғанын мәлімдеді.
Президент бұл бастаманы қазақстандықтар жылы қабылдағанын және оның екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететінін айтты. Кездесуде халықаралық және өңірлік мәселелер, сондай-ақ «Орталық Азия – Еуропа Одағы» форматындағы ықпалдастықтың жай-күйі қаралды. Президент өз кезегінде Қазақстан барлық даулы мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге бейіл екенін атап өтті.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18