Халықаралық Infomatrix-Asia инновациялық байқауы аяқталды
Үш күнге жалғасқан халықаралық Infomatrix-Asia инновациялық байқауы өз мәресіне жетті. Халықаралық байқау мектеп оқушылар арасында компьютерлік жобалар бойынша үздіктерді анықтады. 10 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан білім бәйгесі технология, ғылым және цифрлық салаларды қамтиды. 9 сала бойынша үздік деп танылған қатысушыларға жоғары оқу орындарының білім гранттары беріледі. Байқауға әлемнің 9 мемлекетінен 500 оқушы қатысқан. Атап айтқанда Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Гонконг, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен оқушылар келді.
Қуат Қожахметов, «Білім-Инновация» ХҚҚ вице-президенті:
Осы жарыстың мақсаты - оқушылардың бойындағы ізденімпаз, цифрлық дағдыларды қалыптастыру және келешекте компьютер саласында мамандарды әзірлеу. Оқушылардың осындай деңгейіне біз өте қуанамыз және осы деңгейді әрі қарай дамытуды жалғастырамыз, өз үлесімізді қосамыз.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18