Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық күні
ДДCҰ 2025 жылды «Аналар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сақтау» жылы деп жариялады. Осыған орай бүгін Астанада Дүниежүзілік денсаулық күніне орай және Түркі мемлекеттер ұйымына қатысушы елдердің Денсаулық сақтау министрлерінің V кездесуіне арналған жаппай жарыс өтті. Шараға сала қызметкерлері, студенттер мен олимпиада чемпиондары және белсенді қала тұрғындары қатысты. Олар 1,5 шақырым жол жүгіріп өтті. Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Ақмарал Әлназарова, Денсаулық сақтау министрі:
Бүгінгі күніміздің ерекшелігі – 5 Түркі мемлекетінің Денсаулық сақтау министрлері осы Астанада бас қосып жатыр. Биылғы жылы ДДСҰ әр жылдың өзінің тақырыбын белгілейді. Биылғы жылдың тақырыбы - ана мен бала денсаулығы. Ана мен балалар денсаулығын қорғау, тиісті проблемаларды шешу жолдарын қарастыру. Сондықтан биылғы жыл біз үшін де тақырып аясында тиісті жұмыстар жоспарланып отыр.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18