«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жемісін бере бастады
Мектеп пен ата-ана арасында ашық пікір алмасу үрдісі қалыптасты. Ұстаздар осылай дейді. Астанадағы №90 мектеп-гимназиясы әр айды, әр аптаны түрлі құндылықтарға бөліп, ата-анамен бірлесе жұмыс жасап келеді. Мысалы сәуір айын «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбына арнап, 8 бағыт бойынша шара өткізді. Бұдан бөлек ұстаз бен психологтан кеңес, педагогтан кеңес секілді түрлі бағыттағы талқылаулар да жиі өтеді. Оқушыларға тақырып аясында шығармашылық тапсырмалар беріліп, ұлттық ойындар мен дәстүр дәріптеледі. Ең бастысы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы үлкендердің бала тәрбиесіне белсене араласуына мүмкіндік жасады», - дейді ұстаздар.
Гүлжанат Абдраманова, Қ.Мұхамедханов атындағы №90 мектеп-гимназияның директоры:
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ерекшелігі деп айтуға болады бұл ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы. Бұл жердің ерекшелігі – ол жерде аналар мектебі құрылған, әкелер мектебі құрылған және әжелер мектебі құрылған. Бұл жерде адами құндылықтар, тағы да бір бірін құрметтеу, ынтымақтастықта өмір сүру, бірлікте өмір сүру, дос болу деген тәрізді түрлі құндылықтарды бойына сіңіруге жұмыс жасайды.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17