Алматыда АҚШ Үкіметіне жалға жер берілмек
АҚШ Үкіметіне Алматыдан жер телімі жалға берілмек. Бүгін Сенат отырысында осыған қатысты келісім ратификацияланды. АҚШ жалға алған жерде консулдық салуды жоспарлап отыр. Сенаторлардың айтуынша, Бас консулдықтың аумағында АҚШ-тың есірткімен күрес агенттігі, Қазақстан Сауда министрлігінің өкілдігі де орналасады. Негізгі міндеті АҚШ пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақты дамыту. Айта кету керек, консулдық Орталық Азия елдері үшін басты визалық орталық қызметін де атқармақ. Тараптар арасындағы келісімге сәйкес, құжат ратификацияланғаннан кейін АҚШ тарабы Қазақстанның Хьюстон қаласында Бас консулдық ашуына рұқсат береді.
Амангелді Нұғыманов, Сенат депутаты:
49 жылға 25 млн АҚШ доллары төленеді. Ол келісім ратификацияланған күннен бастап 30 күннің ішінде төленеді. Қаражаттың бәрі Алматы қаласының бюджетіне түседі.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15