Алматыда «Чемпиондық рух» жобасы басталды
Алматыда түрлі әлемдік жарыстың чемпиондары жастармен бірге таңғы жаттығу өткізіп, салауатты өмір салтын насихаттау үшін қолға алынған жаңа «Чемпиондық рух» жобасын бастап берді. «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған жаттығуға 200-ден астам адам қатысты. Шара 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта өтті. Жоба аясында тек жаттығулар ғана емес, түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Мақсат – жастардың денсаулығын нығайту. Айта кету керек, салауатты өмір салтын насихаттайтын шара алдағы уақытта республиканың барлық өңірінде ұйымдарыстылмақ.
Ақерке Ескендірова, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:
Алматы қаласында ашық жаттығу ретінде өтсе, басқа облыстарда басқа формат қолданылады. Бүгін арамызда Олимпиада ойындарының чемпиондары, түрлі жарыстың чемпиондары қатысып жатыр. Басқа облыстарда чемпиондарымен кездесу өткізу үшін түрлі форматты қолданамыз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15