НАТО Украинада бейбітшілік орнатуға бағытталған әрекеттерге оң баға берді
НАТО Украинадағы соғысты аяқтауға бағытталған ұмтылыстарға оң баға берді. Әскери одақтың бас хатшысы Марк Рютте Дональд Трамптың Ресей және Украина президенттерімен телефон арқылы әңгімелесуінде жақсылықтың нышаны бар деп атады. АҚШ-тың бейбіт бастамаға атсалысып отырғанына ризашылық білдірді.
Марк Рютте, НАТО бас хатшысы:
АҚШ әкімшілігі бұл істе өте белсенді. Және де Еуропалық серіктестерімен, Украинамен тығыз үйлестіре отырып әрекет етіп жатыр. Украина мен Ресей арасында қаңтарға дейін ешқандай келіссөз өтпеген еді. Президент Трамптың Ресей лидерімен байланыс арнасын аша бастауына көзқарасым оң.
Саяси сарапшылардың пікірінше, Трамптың командасы басында Украинадағы соғысты тоқтатуға оңай қол жеткізетініне сенімді болған. Алайда бәрі бұдан күрделі боп шықты. Дегенмен саясаттанушылар тактикалық шешімдер арқылы атысты тоқтатуға әрі қарай күш салған дұрыс деп есептейді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15