БҰҰ: Гуманитарлық көмек әлі таратылған жоқ
Газа секторында гуманитарлық көмек әлі тұрғындарға үлестірілген жоқ. БҰҰ осылай деп мәлімдеді. Кеше Израиль 11 ай бойы толық блокадада отырған палестиналық анклавқа азық-түлік кіргізуге рұқсат берген еді. Израиль тарабы бұған қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. Мұның алдында Израиль әскері «Хамасқа» қарсы әскери операция ауқымын кеңейтетінін мәлімдеді.
Стефан Дюжаррик, БҰҰ ресми өкілі:
Біздің топ бүгін Керем Шалом ауданына барып, азық-түлікті алып кетуге Израильдің рұқсатын бірнеше сағат күтті. Газаға азық-түлік көптеп жеткенімен, біз оларды қоймаларымызға, жеткізу пункттеріне әлі апара алмай отырмыз.
Ұлыбритания, Франция мен Канада Израильден Сектор Газадағы шабуылды тоқтатуды, гуманитарлық көмекті кіргізуді талап етті. Әйтпесе, санкция жариялайтынын ескертіп отыр. Бұған қоса, Ұлыбритания Израильмен арадағы сауда келісімін уақытша тоқтататынын жариялады.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18