ЕуроОдақ Сирияға салынған санкцияларды алып тастамақ
ЕуроОдақ Сирияға салынған санкциялардың күшін жоюға келісті. «Елде жұмыс орындары ашылып, тұрақтылық орнауы маңызды» деп мәлімдеді блоктың Сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас. Осылайша Сирия банктерін әлемдік қаржы жүйесінен ажыратқан және Орталық банктің активтерін бұғаттаған шектеулер алынып тасталуға тиіс. Бұған дейін ақпанда ЕуроОдақ Сириядан мұнай, газ, электр қуаты тасымалына, көлік саласына қатысты санкциялардың күшін жойған еді.
Кая Каллас, ЕуроОдақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі:
Министрлер Сирияға қатысты барлық экономикалық санкцияны алып тастауға келісті. Ал Асад режимі мен адам құқықтарын бұзуға қатысты шектеулер күшінде қалады. Экономикалық оңалусыз бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес. Бәрімізге керегі Сирияның тұрақтылығы. Мұнда қазір бәрі мінсіз бе? Жоқ, олай емесі анық. Бірақ Сирия халқына мүмкіндік беруіміз керек деп ойлаймын.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10