Оңтүстік Кореяда президент сайлау науқаны басталды
Оңтүстік Кореяда мерзімінен бұрын президент сайлауына дауыс беру басталды. Ел аумағында 3 жарым мыңнан аса сайлау учаскесі ашылған. Ұлттық сайлау комиссиясының дерегінше, таңертең саяси науқанға қатысуға құқылы азаматтардың 5 пайыздан астамы, яғни 2 миллион 320 мыңнан астам адам өз таңдауын жасап үлгерген. Елде президент сайлауы жоспарланған мерзімнен екі жыл бұрын өтіп жатыр. Бұған экс-президент Юн Сок Ёльге елде әскери жағдай жариялағаны үшін сәуірде импичмент жариялануы себеп. Ел басқару лауазымына 6 кандидат тіркелген. Басты бәсеке Демократиялық партия лидері Ли Чжэ Мён мен «Халық күші» партиясының өкілі Ким Мун Су арасында болмақ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17