Еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптары күшейтіледі
Былтыр ел көлемінде 1400-ден астам адам жұмыста жүріп жарақат алса, 202 адам мерт болған. Бүгінде 445 мың адам зиянды немесе қауіпті нысанда еңбек етіп жүр. Бүгін Үкімет отырысында еңбек қауіпсіздігін күшейту мәселелері талқыланды. Енді әр кәсіпорынның цифрлық картасы әзірленіп, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қашықтан бақыланады. Ал еңбек инспекторлары өндіріс орындарына ескертусіз тексеріс жүргізеді. Тау-кен саласындағы компанияларға қауіпсіздікке бөлетін қаржыны көбейту міндеттеліп жатыр. Бұлардың барлығы жазатайым жағдайлардың санын азайтуға сеп болмақ. Үкімет басшысы төтенше жағдайлар министріне жыл соңына дейін барлық қауіпті нысанды толық тексеруден өткізуді тапсырды.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17