Шымкентте жол полициясына күш көрсеткен азамат қамалды
Шымкентте автокөлік жүргізушісі полиция инспекторына бағынбай, күш көрсеткен. Талапқа құлақ аспаған азамат машинаны тоқтатпақ болған тәртіп сақшысын капотта етпетінен жатқан күйінде бірталай жүрге дейін сүйреп апарғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Ол алғашында полиция қызметкерінің талабына бағынған сыңай танытып, жүрісін баяулатқанымен, артынша жылдамдықты арттырып қашып кетпекке оқталады. Заңға бағынбаған азамат ұсталып, тергеу абақтысына қамалды. Оның іс-әрекетіне байланысты билік өкіліне бағынбау және оған қарсылық көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01