Мәжіліс республикалық бюджеттің атқарылуын қарап жатыр
Бүгін Мәжіліс республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарап жатыр. Үкімет және Жоғарғы аудиторлық палата қаржының игерілуі мен бағытталуы туралы есеп береді.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Отырыс жаңа ғана басталды. Бірінші кезекте бюджет қаралады. Бұған дейін жарияланған ақпарат бойынша 2024 жылы республикалық бюджеттің кірістері 19,6 триллион теңге. Ал шығыстар 23,1 триллион теңгеге жуықтаған. Негізгі қаражат әлеуметтік салаға, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау және зейнетақы төлемдеріне жұмсалған. Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, бюджетті игеру кезінде бірқатар министрліктерде қаржының мақсатсыз жұмсалуы мен тиімсіз жоспарлау фактілері тіркелген. Бұл — бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру қажеттігін тағы бір мәрте көрсетіп отыр. Бүгінгі күн тәртібінде Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау, сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері де бар.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17