Цифрлық сот орындаушы: 1 млрд теңге үнемделді
«Цифрлық сот орындаушы» жобасы іске қосылғалы 1 млрд теңгеден астам қаражат үнемделген. Әділет министрлігінің ақпарынша, цифрландыру бұл саладағы артық шығындарды азайтып қана қоймай, процесті жеделдетіп, жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге де жол ашқан. Енді жасанды интеллект элементтері де іске қосылып жатыр. Соның бірі «Құқықтық кеңесші» модулі. Ол арқылы кез келген азамат өз ісінің мәртебесін біліп, сот орындаушының әрекеттерін бақылай алады. Тағы бір бастама – цифрлық сенімхаттар. Бұрын тек қағаз күйінде жарамды болған құжатты енді eGov mobile Business қосымшасында онлайн рәсімдеуге болады. Бұл – уақыт пен қаражатты үнемдемек.
Бекболат Молдабеков, ҚР Әділет вице-министрі:
Жобаның мақсаты – азаматтардың нотариаттық қызметтерді онлайн-форматта нотариусқа жеке бару қажеттілігінсіз, ыңғайлы және қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз ету. Яғни, онлайн турде нотариустық қызметтерді алуға болады.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үлкен тенниске қызығатын балалар көбейіп келеді
18.09.2026, 17:33
Қарағанды облысында жастар құқықтық сауатын жетілдіруде
18.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
18.09.2026, 17:25
Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ
18.09.2026, 17:22
Филиппиндегі мектепте атыс болды
18.09.2026, 17:20
Ресейдегі дәрі қоры 8 айға ғана жетеді
18.09.2026, 17:17
Абай облысында ет экспортына ден қоя бастады
18.09.2026, 17:15
Өскеменде жол айрығын қарқынды салып жатыр
18.09.2026, 17:12