Қостанайда заңсыз сатпақ болған 2,5 мыңдай вейп тәркіленді
Елімізде вейп сатылымына тыйым салынғанымен, заңсыз сауда әлі де тоқтар емес. Қостанай облысында алты ай ішінде 3 қылмыстық іс тіркеліп, 2500-ге жуық тауар тәркіленген. Жалпы келтірілген шығын көлемі 39 млн теңге. Мамандардың айтуынша, тыйым салынған өнімдерді тұрақты түрде сатып, тасымалдауды көздейтін ұйымдасқан топтар бар. Олар жалған құжаттар мен жасырын схемалар арқылы әрекет етеді.
Тимур Хаксанов, Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы:
Біз бірнеше бағыт бойынша интернет плаформаларға мониторинг жүргізіп отырамыз. Сауда нүктелерін аралап, заңға қайшы әрекет бар-жоғын тексереміз. Бұл тек заң тұрғысында ғана емес, денсаулыққа да зиян өнім екенін еске салғымыз келеді.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10