Түркістан облысында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді
Түркістан облысында «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның кепілі» атты жылжымалы қоғамдық қабылдаулар өтіп жатыр. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шара Сарыағаш, Қазығұрт және Арыс ауданында өтті. Түркістан қаласында да прокуратура, әкімдік және құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындарды қабылдады. Олардың өтініштері мен шағымдарын тыңдап, заң аясында жауап берді. Ал кеңес алуға келгендерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осылайша өңірдің әр ауданынан келген жүзге жуық азаматқа құқықтық көмек көрсетілді.
Олжас Мұсаев, Түркістан қаласы прокурорының орынбасары:
Бұл шараның басты мақсаты - тұрғындардың құқықтық мәселелерін тыңдап, жедел шешіп беру мәселесін қарау. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және халық пен құқық қорғау органдарының арасындағы байланысты нығайту.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10