«Заң мен Тәртіп» апталығы: 8 мыңға жуық азамат тегін көмек алған
Елімізде «Заң мен Тәртіп» республикалық ақпараттық-түсіндіру апталығы басталғалы 8 мыңға жуық адам тегін заң көмегін алды. Акция аясында құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы билік өкілдері халықты қабылдап, тегін заң тұрғысынан кеңес беріп жатыр. Азаматтарды қабылдау ірі сауда орталықтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және шалғай ауылдарда ұйымдастырылған. Кеңес алуға келгендердің дені жер қатынастары, тұрғын үй, балалар қауіпсіздігі мен әлеуметтік төлемдер туралы сұраған.
Ардаби Мәулет, өнертанушы, ҚР Ұлттық музейінің бөлім жетекшісі:
Біз ұлт ретінде, мемлекет ретінде, тарихымызды қарайтын болсақ, жалпы қазақ халқы нысанға, тәртіпке бағынған, бас иген халықпыз. Бүгінгі өтіп жатқан іс-шараның өзінде ұлттық салт-дәстүр, ұлттық таным, ұлттық мәдениет, фольклор өнер бар, осы рухани жағынан адамдарға. Жас буыннан бастап, жалпы қоғамға түсіндіру бұл өте маңызды.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10