ІІМ жанындағы қоғамдық кеңес 900 адамға көмектесті
Биыл Ішкі істер министрлігі жанындағы қоғамдық кеңеске тұрғындардан 900-ден аса хат түскен. Кеңес мүшелерінің айтуынша, жол-көлік оқиғалары, интернет алаяқтардан қорғану, бала қауіпсіздігіне қатысты сауал жолдағандар көп. Оларға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, заңгерлер көмек көрсеткен. Мұндай жұмыс құқықтық сауаттылықты арттыру, қылмыстың алдын алу үшін жасалады. Бұдан бөлек, осы мақсатта республикалық науқандар, семинарлар мен дәрістер жүйелі түрде өткізіледі.
Бахтияр Мәкен, ҚР ІІМ жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы:
Соңғы жылдарда көптеген қылмыстық істердің бәрі 60 пайызға төмендеді. Барлық сала бойынша. Қоғамдық кеңес соған атсалысып жатыр. Біз арнайы топ құрып, Полиция департаменттерімен жұмысты атқарамыз.
Жанел Нұрболат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10