Биыл студенттік омбудсмендерге 6 мыңнан астам өтініш түсті
Оқу жылында студенттік омбудсмендерге, яғни студент құқығын қорғайтын ерікті жандарға 6079 өтініш түскен. Олар негізінен академиялық, жатақхана, әлеуметтік-тұрмыстық, стипендиялар мен қаржыландыру, техникалық және инфрақұрылымдық мәселелерге қатысты.
Тоқтар Болысов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі:
Өтініштер жеке кездесулерде, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы келіп түсті. Омбудсмендер сол өтініштерге уақытылы назар аударып, мәселелерді жылдам шешуге және қиын жағдайдағы студенттерге қолдау көрсетуге жағдай жасады. Тестік режимде Шымкентте 2ГИС платформасында және әлеуметтік желілерде студенттердің пікірлеріне талдау жүргіздік. Нәтижесінде, жоғары оқу орындарында бірқатар жүйелік мәселелердің бар екені анықталды. Талдау негізінде есеп дайындалып, оқу орындарының басшылығына жолданды.
Темірлан Нұржанұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10