Шымкенттегі тазалық акциясына 70-тей адам қатысты
«Amanat» партиясы ұйытқы болған «Таза бейсенбі» акциясы бүгін Шымкент қаласындағы Шымсити шағын ауданында жалғасты. Оған саяси ұйымның қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері, «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері және коммуналдық қызмет жұмысшылары белсене қатысты. Олар көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын қоқыстан тазартып, шөптерді орды.
Жалпы, жыл басынан бері Шымкент қаласында өткізілген осындай экологиялық сенбіліктерге 2 мыңнан аса адам атсалысқан. Нәтижесінде 17 тоннадан аса тұрмыстық және құрылыс қалдықтары шығарылды.
Гүлзат Өміртай, «Amanat» партиясы Қаратау аудандық филиалының консультанты:
Бұл акцияны өткізіп жатқанымызға жылдан астам уақыт болды. Тұрғындар біздің қоқыстарды тазартып жатқанымызды көріп, қоқыс тастамауға бейімделе бастады және акцияға жергілікті тұрғындар да шығып, бізбен бірге атсалысуға үйреніп жатыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01