Шымкентте 500-ден астам адамды кене шаққан
Шымкентте биыл кене шаққан 500-ден астам адам медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған. Оның ішінде екі науқастың көкала дертін, яғни, қырым қанды безгегін жұқтырғаны анықталған. Санитарлық дәрігерлер биыл адамдарды кене шағу дерегі көбейіп тұрғанын айтады. Өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артқан. Оған биыл күннің қатты ысуы да себеп. Мамандар шаһар аумағындағы 11 аймақта кенелердің көбірек таралу қаупі барын анықтаған. Осыған байланысты қазынадан қаржы бөлініп, эпидемиялық ахуалды ушықтырмас үшін залалсыздындару жұмыстары жүргізілді.
Айгүл Тұрымбетова, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Барлау тобымен зерттеп тексеру арқылы залалсыздандыру жұмыстарының сапалы өткені мәлім болды. Енді тамыз айынан бастап, сол адамдарға зардап шеккізбеу үшін міндетті түрде екінші кезеңде залалсыздандыру жұмысы жүреді.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01