Бүгін – халықаралық полиэтилен пакетінен бас тарту күні
Бүгін – халықаралық полиэтилен пакетінен бас тарту күні. Бұл қаптар берік әрі қолайлы болғандықтан ерекше бағаланады. Бірақ олардың табиғи жағдайда ыдырауы үшін 100 жылдай уақыт қажет. Астанада осы полимер қалдықтарын қайта өңдейтін жалғыз өндірістік компания бар. Кәсіпорын 30% полимер мен 70% құмды араластыру арқылы жыл сайын 100 тоннаға дейін пластикалық қалдықты кәдеге жаратады. 5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын қалалық инфрақұрылымға арналған орындық, қоқыс жәшігі сынды түрлі бұйымдар жасап шығарады. «Жасыл даму» АҚ қолдауының арқасында өндіріс орны қоршаған ортаны қорғап, экологияны дамыту ісіне елеулі үлес қосып келеді.
Руслан Орынтаев, кәсіпорын басшысы:
Саябақтағы бір орындықты жасау үшін 5 мыңнан аса пакет қажет. Біз оларды қаладағы әр түрлі мекеме, дүкендерден сатып аламыз. Компания өнімдері табиғи таспен салыстыруға келетіндей жоғары сапада жасалады. Вандализм мен тозуға төзімді. Сондай-ақ -60°C-тан +70°C-қа дейінгі температурада өз қасиеттерін сақтап, ұзақ мерзімге жарайды.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01