Диогу Жота қайтыс болды
Танымал футболшы, Португалия құрамасы мен Англиялық «Ливерпуль» командасының ойыншысы Диогу Жота қайтыс болды. Рейтер агенттігінің ақпаратынша, спортшы жол апатынан қаза тапқан. Оқиға Испанияның батысындағы Самора провинциясында болған. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жолдан шығып кеткен. Артынша аударылып, өртеніп кеткен. Көлікте 28 жастағы футболшының қасында ағасы да болған екен. Жота «Ливерпуль» сапында 2020 жылдан бері ойнады. Англия чемпионы атанып, Англия кубогы мен Англия лигасының кубогын жеңіп алды. Бұған дейін ол бірқатар клубта доп тепкен. Португалия құрамасында да сәтті өнер көрсетіп, екі рет UEFA Ұлттар лигасында чемпион болған.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18