11 боксшы мерзімінен бұрын жүлдегер атанды
Бокстан Әлем Кубогына қатысып жатқан қазақстандық 11 боксшы мерзімінен бұрын жүлдегер атанды. Өйткені олар бәсекенің жартылай финалына жолдама алған. Тағы 5 былғары қолғап шебері ширек финалда бақ сынайды. Астанада өтіп жатқан жарыстың басталғанына 5 күн болды, бүгін боксшылар тек кешкі сессияда жұдырықтасады. Ел намысын 5 отандасымыз қорғайды. Әйелдерден 51 келіде Алуа Балқыбекова, 65 келіде Аида Әбікеева және ерлерден 65 келіде Ертуған Зейнуллинов жартылай финалдың, әйелдерден 80 келіден жоғары салмақта Елдана Талипова, ерлерден 90 келідегі Сағындық Тоғамбай финалдың жолдамасына таласады. Жекпе-жектерді сағат 19:00-де «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17