Астанада қайта өңделген пластиктен алып мысық жасалды
Астанадағы Орталық саябақта алып мысық пайда болды. Үй жануарының мүсіні қайта өңгелген пластиктен жасалған. Төрт метрлік ерекше инсталляцияны тұрғындар бөтелке қақпақтарымен сәндей алады. Қала күні және «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырлған экологиялық шараға кез келген адам қатыса алады. Ұйымдастырушылар атсалысқан әрбір жанға сыйлық дайындап қойыпты. Ол үшін үйде қолданылмай жатқан пластик бөтелкелерді тапсыруы керек. Жоба елордалық суретшілер мен экологтардың бастамасымен жүзеге асып жатыр. Мақсат – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға назар аударту.
Майра Измайлова, ұйымдастырушы:
Қақпақтарды кез келген жерге жабыстыруға болады. Аяғына, құйрығына болсын... Мысықты қаншалықты көп қақпақпен көмкерсек соғұрлым жақсы болушы еді. Біз осы арқылы қазақстандықтарға пластика қалдықтарын тастамай-ақ, кәдеге жаратуға болатынын, онымен осындай өнер туындысын жасауға болатынын көрсеткіміз келеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01