Кинорежиссер Сламбек Тәуекел өмірден өтті
Қазақ кино өнері қара жамылды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті кинорежиссер, сценарист әрі продюсер - Сламбек Тәуекел 78 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ұлттық кино, өнер мен мәдениеттің дамуына тер төккен тұлға артында өшпес із қалдырды. Ол «Жоғалған өлке», «Наурыз», «Батыр Баян», «Асанәлі», «Сәтбаев», «Бір бала», «Махамбет» сияқты бірқатар деректі және көркем фильмдердің режиссері. Бүгінде танымал актерлердің қалыптасуына тер төккен тұлға. Қазақ ұлттық өнер университетінде ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарып, жас мамандардың тәрбиесіне де зор үлес қосты. Ардақты азаматтың ғибратты ғұмыры халқының жадында мәңгілік сақталады,- дейді өнердегі әріптестері.
Оралбек Сарыбасов, режиссер, продюсер:
«Қазақфильмді» Сламбек Тәуекелсіз елестету мүмкін емес. Оның 27 жыл ғұмыры қазақ фильмімен бірге өтті. Мәскеуден жоғарғы режиссерлік курсты бітіріп келгеннен бастап, «Қазақфильмде» өндіріс бөлімінің бастығы, директордың орынбасары сияқты қызметтерден киностудияны директор ретінде 17 жыл қызметін атқарды. Ол кісінің істеген жұмыстары, атқарған міндеттері, адалдығы, азаматтағы ұрпаққа үлгі боларлық деп ойлаймыз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17