Уимблдон: Е.Рыбакина 177 мың еуро табыс тапты
Қазақстандық теннисшілер үшін Үлкен дулыға турнирі аяқталды. Бұл жарыста ел намысын 6 спортшы қорғады. Жекелей және жұптық сында бақ сынаған ерлер бірінші айналымнан әрі аса алмады. Әйелдерден Юлия Путинцеваның да нәтижесі осындай. Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина болса үшінші айналымда жарыс жолынан шығып қалды. Ол әлемнің 22-ракеткасы Клара Таусоннан 6:7, 3:6 есебімен жеңілді. Отандасымыз Уимблдонның 1/16 финалына дейін жеткені үшін 130 рейтингтік ұпайға ие болды. Сонымен бірге 177 мың еуро табыс тапты. Осы жеңілістен соң рейтинге 2 сатыға төмен түсіп, 13 орынға сырғыды. Ал жұптық сынның екінші, аралас сынның бірінші айналымында есе жіберген отандасымыз Анна Данилина әзірге рейтинте 9-орында тұр.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15