«Жасыл даму» қоры дайын өнім өндірісіне басымдық беруде
Ақтөбеде қағаз өндірісі дамып келеді. Биыл индустриялық аймақ базасында құны 10 миллиард теңгеден асатын картон және қағаз өндіру зауыты жұмысын бастады. Серіктестік өндіретін өнімнің жылдық қуаты - 42 мың тонна жалпақ қабатты картон. Кәсіпорынның қағаз, картон өндірісіндегі бәсекелестікте артықшылығы зор. Ең бастысы - географиялық орны. Қала маңындағы бұл индустриялық аймақ отандық және шетелдік инвесторларды қызықтыруда. Мұнда былтырдан бері 86 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған. Шикізаты макулатура қазір тек Ақтөбе қаласынан жиналады. Бірақ алдағы уақытта кәсіпорын макулатура көлемін ұлғайтуды жоспарлар отыр.
Арыстанбек Күзенбаев, зауыт жұмысшысы:
Қағаздарды қоқысқа тастамай, осында әкелсе, іске жаратамыз. Осындай зауыттар Ақтөбе облысында ашыла берсін. Картондарды тиеп, Алматыға жібереміз. Сосын қайта өзімізге өңделіп келеді. Оны қала бойынша таратамыз.
Ғабит Ұзақбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08