Шымкентте атыс қаруын заңсыз сақтағандар қылмыстық жауапқа тартылды
Шымкентте қылмыстық мақсатта пайдалану үшін атыс қаруларын өздеріне ыңғайлы етіп қайта жасап, оны заңсыз сақтап келген азаматтардың әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тексеру кезінде олардан 9 суық қару тәркіленген. Сондай-ақ полиция қызметкерлері қаруды сақтау, алып жүру және тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін 3 азаматты, тіркеу тәртібін бұзғаны үшін 20 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жалпы, «Қару» іс-шарасы кезінде 5 мыңнан аса азаматтың үй-жайы тексерілген. Қару айналымы заңдылықтарын сақтамағаны үшін 128 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Асқар Жүзжасаров, қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
Тапаншаны қайта құрастырып, қолдан жасалған қару қылмыстық іс-әрекет үшін жасалған қару болып саналады. Сондықтан тәркіленіп алынып, қазір қылмыстық іс қозғалып, тексеру ісі жүргізілуде.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06