Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр
Өңір жастары «Таза Қазақстан» акциясын қолдайды
Павлодар облысы Тереңкөл ауданында жастар мен жасөспірімдер бірігіп, экологияны қорғау тақырыбына арнайы шара өткізді. Бұл бастама адамдардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Яғни, жас ұрпаққа экологиялық мәдениетті ерте жастан сіңіру. Эко ойын екі кезеңнен тұрды. Атмосфера және гидросфера. Балалар кезекпен әр станцияға кіріп ақпаратпен танысты. Және табиғатты қорғаудың мәні туралы дәріс оқылып, күрделі мәселелерді шешу жолдары көрсетілді. Химиялық тәжірибелер жасалды.
Арина Краскова, Павлодар қалалық «Жасыл ел» штабының жетекшісі:
Бүгін бәріміз жаңаша тәсілдерге куә болдық. Биохимик, эколог болдық. Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды, табиғатты құрметтеуді үйрендік. Бұл ойынның ерекшелігі де сол. Жастар өзіне қолайлы мамандықты көруі мүмкін. Сондықтан бүгінгі шараны экологиялық мәдениетке үйрететін ойын деп емес, тәжірибе деп қарастыруға болады.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08