«Таза Қазақстан»: Есіл өзенінің жағасы тазартылды
Есіл өзенінің жағасы тазартылды. Целиноград ауданы, Талапкер ауылында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері және жергілікті тұрғындар белсене атсалысты. Мақсатымыз - қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына қоғам назарын аудару дейді жастар.
Махабат Ирешова, Целиноград ауданы Жастар ресурстық орталығының директоры:
Тек қана сенбілік өткізіп, ауланы тазалап, қоқыстар жинау ғана емес, бұл – экологиялық сананы қалыптастыру, азаматтық борышты ояту деген мақсатта. «Таза Қазақстан» акциясы біздің ауданымызда жиі өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда 150-ден астам сенбілік өткізілді.
Дархан Рақымжан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Қостанайда қорқытып, ақша талап еткен күдіктілер ұсталды
02.11.2026, 10:00
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00