Ерекше балаларға арналған анимациялық фильм шықты
Ерекше балаларға арналған анимациялық фильм жарыққа шықты. Тың туындының тұсаукесер көрсетілімі бүгін Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығында өтті.
«Үміт әрдайым жанымызда» анимациялық фильмінде ерік-жігері мықты ұл-қыздардың арманы мен ішкі әлемі көрініс тапты. Жастайынан жақсылықтан күдер үзбеген жастарды қоғам қолдауы керек деген астарлы ой бар. Одан бөлек, қоршаған ортаны қорғау бойынша да оқиғалар шебер суреттелген. Мұндай анимациялық фильмді ойластыру автор үшін қиынға соқпаған. Себебі, бір кездері өзі де ерекше балалардың қатарында болған.
Нұрасыл Нұрдәулет:
Балалар жазылып кетсе деймін. Маған мультфильм ұнады. Қызықты болды.
Диана Мырзағалиева, «Үміт әрдайым жанымызда» анимациялық фильмінің сценарийсі:
Мен 7 жасқа дейін сөйлей алмадым. Тежеліс болды. Балалық шағым оңалту орталықтары мен ауруханаларда өтті. Достарым болмады. Өсе келе өз өмірімді осы ерекше балаларды қолдау мен қоршаған ортаны қорғауға шешім қабылдадым. Алдағы уақытта бұл фильм барлық Қазақстан бойынша көрсетіледі.
Алдияр Айтбай
Автор
Алдияр Айтбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08