Елордада «Желсіз түнде жарық ай» әнін 5 мың оқушы орындады
«Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқап тұрған астаналық оқушылар. Ақынның 180 жылдығына орай жас өрендер осылай әннен шашу шашты. Бір мезетте 5 мың оқушы шырқады. Хакім Абай «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін 1888 жылы 137 жыл бұрын 43 жасында жазған. 5 шумақтан тұрады. Көшпелі қазақ ауылының тіршілік көрінісін ақын асқан шеберлікпен көркем суреттейді. Абай Құнанбайұлының өміршең өлеңдері, қасиетті қара сөздері әлі талай ұрпаққа рухани азық болары анық.
Мақпал Сезқызы, оқушы:
Жүректен шығатын, орын алатын ән бұл. Абай Құнанбайұлын біз қатты жақсы көреміз. Ол кісі ақын, жазушы, өлеңдер шығарады.
Абылайхан Низан, Ермек Серкебаев атындағы №3 балалар музыка мектебінің мұғалімі:
Әрбір бала бұл әнді жаттап алған, өздерінің білім беру ұйымдарында үйреніп алған. Бізге ешқандай қиындық тудырған жоқ. Жалпы 10 күннің ішінде балаларда рухани адамгершілік сезім туындап, осы шараны жоғары деңгейде өткіздік деп ойлаймын.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16