Маса арқылы жұғады: Чикунгунья вирусы Қазақстанда тіркелген жоқ
Қытайда өршіген маса арқылы тарап жатқан Чикунгунья Қазақстанда тіркелген жоқ. Санитариялық-эпидемиологиялық мамандар осылай деп мәлімдеме жасады. Қазір бұл вирус әлемнің 119 елінде анықталған. Айта кету керек, чикунгуньяның алғашқы белгілері маса шаққаннан кейін 3–7 күн өткен соң байқалады. Дене қызуы 39 градусқа көтерілуі мүмкін. Буын, бұлшықет, бас ауырады. Теріде бөртпе пайда болады. Чикунгунья жұқпалы деп саналмайды. Яғни, адамнан адамға жұқпайды. Вирусты тасымалдаушы - маса. Масаның жолақ жолбарыс түрі ауруды тасымалдаушы болып саналған.
Баян Дәулетиярова, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Чикунгунья вирусын тасымалдайтын масалар бізде анықталған жоқ. Сондықтан біздің елімізде вирустың жергілікті таралуы мүмкін емес. Халықаралық авиарейстермен келетін жолаушыларға дистанциондық термометрия жүргізілуде. Температурасы жоғары жолаушылар тіркелген болса, оларды оқшаулау жүргізіледі.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 13:08
Тараздықтар 10 мың түп ағаш екті
06.04.2026, 13:07
58 мың Hyundai Palisade кері қайтарылды
06.04.2026, 13:06
Трамп Иранның электр станциялары мен көпірлерін қиратпақшы
06.04.2026, 13:05
Ақтаудан жер сілкінеді деген ақпарат жалған
06.04.2026, 13:04
Жол апатына ұшыраған жұмысшылардың халі орташа
06.04.2026, 13:03
Атырауда 7 жастағы оқушыны көлік қағып кетті
06.04.2026, 13:02
Алматы облысында үй тонайтын біренше топ ұсталды
06.04.2026, 13:01