Трамп Ақ үйде Зеленскиймен және Еуропалық лидерлермен кездесті
Трамп Украинаға Еуропаның көмегімен қауіпсіздік кепілдігін беруге уәде етті. Ақ үйде президент Дональд Трамптың Украина басшысы Владимир Зеленскиймен және еуропалық лидерлермен кездесуі аяқталды.
Осы жолғы саммит ақпандағыдай әлем алдында дау мен сөзталасқа ұласқан жоқ. Керісінше, Трамп Украинаға Еуропаның көмегімен қауіпсіздік кепілдігін беруге уәде етті. Сонымен қатар Құрама Штаттар жетекшісі Зеленскийді Путинмен кездестіруге дайындыққа кіріскенін мәлімдеді. Алайда Кремль мұндай жүздесуге әзірге тікелей келісім берген жоқ.
Тағы бір айта кететін жайт - Зеленский территория мәселесін тек Путинмен талқылауға әзір екенін білдіргенімен, Ресейге жер беруді қарастыратын бейбіт келісімді ешқашан қабылдамайтынын ескертіп отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18