Астанада боччадан халықаралық турнир басталды
Астанада боччадан халықаралық турнир басталды. Қазақстан мұндай беделді жарысты бірінші рет өткізіп жатыр. Халықаралық бочча федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған бәсекеде спортшыларға 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпай беріледі. Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерін қоса алғанда 13 мемлекеттің пара атлеттері бақ сынайды. Қатысушылар жеке, жұптық және командалық сайыста жүлдеге таласады. Қазақстан намысын 10 спортшы қорғайды. Олардың үшеуі – BC3 санаты бойынша қатысады. Олар қимыл-қозғалысы шектеулі, өздігінен доп лақтыра алмайтын болғандықтан рампа-операторлары көмектеседі. Байрақты дода 27 тамызда аяқталады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02