Венгрия мен Словакияға мұнай жеткізу бес күнге тоқтауы мүмкін
Ресейдің Венгрия мен Словакияға мұнай жеткізуі кемінде бес күнге тоқтауы мүмкін. Бұны осы елдердің үкіметтері Еуропа одағының атқарушы комиссиясына жолдаған хатында ескертті.
Экспорттың доғарылуына соңғы бір аптада Украина әскерінің «Дружба» құбырына екінші рет соққы беруі себепші. Айта кетсек, қазақ мұнайы дәл осы құбырмен Германияға тасымалданады. Алайда Берлин шабуылдың Қазақстанның шикізат экспортына ешқандай әсер етпегенін хабарлап отыр.
Қазір АҚШ президенті Дональд Трамп төрт жылға жақындаған соғысты тоқтатуға дипломатиялық күш жұмсап жатыр. Соған қарамастан Украина мен Ресей кейінгі апталарда бір-бірінің энергетикалық инфрақұрылымына шабуылдарды үдете түскен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18