Автобус апаты: 2 адам ауруханада жатыр
Астанада LRT жұмысшылары мінген автобус жолдан шығып кетіп, 15 қытай азаматы зардап шекті. Қабанбай батыр даңғылымен келе жатқан көлік жүргізушісі бұрылыс кезінде рөлге ие бола алмай қалған. Жарақат алған жолаушылар дереу ауруханаға жеткізілді. Олардың басым бөлігі жеңіл жарақаттанған. 13 адам арнайы медициналық тексеруден өткен соң үйлеріне қайтарылды. Екеуінің сүйегі сынған, олар дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы тұрақты.
Желеухан Пірімқұлов, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы емдеу-профилактикалық жұмыс бөлімінің бас маманы:
38-58 жас арасындағы қызметкерлер болған. №1 қалалық ауруханада амблуаториялық емге нұсқау алады. Ал №2 қалалық ауруханада екі науқас ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық емге қайтарылады.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17